Өнерде бір өзі бір дәуір еді

29.07.2025 Выкл. Автор editor
Өнерде бір өзі бір дәуір еді

Бірлік ауылдық кітапханасы клуб ұжымымен бірлесіп қазақтың музыкалық мәдениетіне өшпес із қалдырған әйгілі композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай ” Өнерде бір өзі бір дәуір еді” атты әдеби саз кешін өткізді.

Мақсаты – қазақ музыкасының асыл қазынасы болған ұлы тұлғаның шығармашылығын кеңінен насихат­тап, оның өнерін ұлықтау.

Кеш барысында өнер иесі жайлы толғаған ақын Қанипа Бұғыбаеваның «Аққу дүние» атты жырын ақын М.Оспанов мәнерлеп жатқа оқып берді. Кітапханашы “Өнер пірі” атты композитордың өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндама жасады.Нұрғиса Тілендиевтің драмалық спектакльдерге арналып жазылған шығармалары жайлы режиссер Н.Қыпшақбаева айтып өтіп, “Аңсау” күйін нақышына келтіріп орындап берді. Мәдени ұйымдастырушы Ж.Бейсенбиев “Құстар әнін” әуелете шырқады.

Шараға жиналған қауым композитордың өмірі мен шығармашылық жолы туралы ойларын ортаға салып, азаматтық келбеті, сазгерлік қасиеті жөнінде естеліктерін бөлісті.

 

https://www.facebook.com/share/p/1ERtUyg6Ug/