Әлем таныған – ұлы Абай

06.08.2025 Выкл. Автор editor
Әлем таныған – ұлы Абай

6 тамыз күні, Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Тау самалы» лагерінде  ұлы ақын А.Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай,  10 тамыз  – Абай күніне байланысты   «Әлем таныған – ұлы Абай»  атты танымдық кеш өткізілді.  Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға  құмарлығын арттыру. Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу. Шараны кітапхана меңгерушісі М.Жиенбаева  жүргізіп, лагер тынығушыларын ұлы ақын А.Құнанбаевтың өмір жолы мен шығармашылығымен таныстырды. Балалар Абай шығармашылығынан өлеңдерін мәнерлеп оқыды.  Абайдың  табиғатты  бейнелеген “Желсіз түнде жарық ай”  әнін бәрі  бірге  шырқады,  кітапханашы балаларға Абайдың сазгер  екендігін, оның көп өлеңдері елге  тараған 30 – дан астам әні, 3 күйі бар екендігін айтып, тағы бір шығармасы «Көзімнің қарасы» әнін балалармен бірге хормен орындады.  Сұрақ-жауап айдарында ақынның шығармашылығы мен өміржолынан сұрақтар беріліп, жауаптар алынды. Кітапханашы М.Бибасарова «Абайды оқы, таңырқа»  атты кітап көрмесімен таныстырып, «Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай сияқты даналарымыздың  қалдырған із ешқашанда өшпек емес» –  деп шараны қорытындылап, шараға белсене қатысқан балаларға сый-сияпат таратты. Шараға 65 бала қатысты.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0L4Gb69cUhRXBaWbEqCzYpU8atpwoD2QBouA6h1Q6QfAYibnX1EZXR6Jw3yHszeuEl&id=100010897337199&__cft__[0]=AZV0WCNv4hpny0-YfXuvTakUOUu2d3tAT-c2tR7a2k6-fB-pXlzPohb4svTs7BGoQZYkPmDigYAGQtteHkYFKzfrCeTQ2AEp0Ec-3YRTXj7Op0QSnbcPjxf0sGB-4DJpmqKQ2NQGnzhurtqeuv0oaAegnhuqqpn0BzQjAPiwSwwfUt7TU1U0WFq8BKEoTbSr_c06Mkf75hm2zkvjrYjJjr7I&__tn__=%2CO%2CP-R