Өлең сөздің патшасы

07.08.2025 Выкл. Автор editor
Өлең сөздің патшасы

Қожакент ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен қазақтың бас ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай “Өлең сөздің патшасы” атты әдеби-жыр кеші ұйымдастырылды. Кеш барысында «Көкжиек» поэзия клубының мүшелері А.Серікбайқызы «Сегіз аяқ», Құдайбергенова Ұлжалғас «Абайға арнау» және Үсейінова Айнұр Абайдың  «Өлең сөздің патшасы» т.б өлеңдерін оқыса Жақсылық Нұрай және Тынысбек Нұрберген Абайдың қара сөздерін жатқа айтты. Клуб үйінің өнерпаздары Тұрсынбаев Талғат «Көзімнің қарасы», Бакиров Фархат «Желсіз түнде жарық ай», Келдібек Ұлбала «Айттым сәлем Қаламқас», Рустемова Алмагүл «Өзгеге көңілім тоярсың» әндерін шырқады.  Әдеби- жыр кешіне 55 адам қатысты.

Мақсаты: Абайдың шығармашылық мұрасын насихаттай отырып, адам қағидасын жастарға үлгі ету.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02cvuLygNTGCG4UM1aatLeFojQ5ELj3ebj7MpVgYau7eDKicwEGvQa2d5VoNWXPznAl&id=100024939816691&__cft__[0]=AZV8Bw5cDeOvO3eangs_f0rX2YXh9I_R5yLnxGcFbP5NLklfRwvThv4xJUwm0GBzMnWrqCW5qnPXX_W6tkO6920GWxA8830evPKHtqpfIUxxtH85VoVXIrTyIb7a02BucVsbohELGbeoHhejoc2JHcotQB5bvWEwUct5zckND3Q_jl90OKs9mYvN7P1xpQNo9Q&__tn__=%2CO%2CP-R