Абай дара, Абай дана қазақта
08.08.2025
Машбек Нәлібаев ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен ақын А.Құнанбайұлының 180 жылдығына орай “Абай дара, Абай дана қазақта” атты әдеби сазды кеш ұйымдастырылды.
Мақсаты: Абайдың рухани мұрасын дәріптеу, жастарды адамгершілікке, парасаттылыққа, кітап оқуға баулу, қазақ әдебиетінің, мәдениетінің ұлы тұлғасын наихаттау, кітапханаға оқырман тарту.
Іс-шараны клуб үйінің сүймелдеушісі Шүкір Бекарыс А.Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» әнімен ашып, ауыл әкімі М.Төребекова Абайдың әдеби мұрасының қазақ руханиятындағы маңызын айтып сөз сөйледі. Шара барысында оқырмандар ақынның өлеңдерін оқып, қара сөздерінен үзінділер келтірілді.
Кітапхананың тұрақты оқырмандары “Көзімнің қарасы”, “Желсіз түнде жарық ай” әндерін нақышына келтіре орындады. Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы презентация көрсетілді.
Кеш қатысушылардың үлкен ықыласына ие болды. Кітапхана тарапынан Абай шығармаларының көрмесі ұйымдастырылып, кітаптар таныстырылды. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.
https://www.facebook.com/share/v/1AsqWj6UKz/

