Күн сәулесі кітапта

13.08.2025 Выкл. Автор editor
Күн сәулесі кітапта

Жаңақорған ауданы №1 кенттік кітапханасы 13 тамыз күні  «Күн сәулесі кітапта» жобасы аясында «Тау самалы» жазғы лагерінде демалушы балалардың бос уақытын тиімді өткізу, танымдық белсенділіктерін арттыру мақсатында «Кім жылдам?» атты интеллектуалды сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың шапшаң ойлау, логикалық тұжырым жасау, есте сақтау және белсенді әрекет ету дағдыларын дамыту, сондай-ақ кітап пен білімге деген қызығушылықтарын арттыру.

Ойынға қатысушылар ерекше көңіл күймен жиналды. Кітапханашы Ә. Сағатқызы балалармен еркін тілдесіп, ойынның мақсаты мен ережелерін таныстырды. Ойын бірнеше кезеңнен тұрды. Алғашқы кезең – «Логикалық сұрақтар» болды. Қатысушылар екі топқа бөлініп «Айгөлек» және «Атамекен», кезекпен логикалық сұрақтарға жауап берді. Әр сұраққа жауап беру уақыты 5 секундпен шектелді. Бұл кезеңде балалардың ойлау шапшаңдығы мен тапқырлығы сыналды. Келесі «Жылдам жауап» кезеңінде қатысушылар жалпы ортақ сұрақтарға жарыса жауап берді. Сұрақтар негізінен табиғат, кітапхана, әдебиет пен оқырман мәдениеті төңірегінде болды.. Бұл бөлімде балалардың кітап туралы білімдері мен танымдық деңгейлері байқалды.Үшінші бөлім – «Қимылмен түсіндір» (пантомима) ойыны ерекше қызығушылық тудырды. Әр топтан бір қатысушы ортаға шығып, берілген сөз тіркестерін (мысалы, «Жаңбыр жауып тұр», «Телефонмен сөйлесу», «Құлап қалу») қимылмен көрсетіп, өз командасына түсіндіруге тырысты. Балалар өздерінің актерлік шеберліктерін де байқатып, бұл бөлім өте көңілді өтті.Соңғы кезең – «Ребусты шеш» деп аталды. Екі командадан қатысушылар шығып қағазда көрсетілген ребустарды шешті. Бұл тапсырмада «Адал», «Жер», «Дос», «Еңбек», «Бақыт», «Сөз», «Тұлпар» сияқты сөздер жасырылды. Балалар бұл сөздерді логикалық ойлау арқылы шеше білді. Іс-шара соңында кітапханашы барлық қатысушыларға белсенділіктері мен тапқырлықтары үшін алғыс айтып, кітапхана оқырманы Р. Ертаев «Қазақстаным» әнімен шараны қортындылады. https://www.facebook.com/birinsi.kenttik.kitaphanasy.2025/posts/pfbid02zYxdgGWnrQACSszdG2cHZ6x76t7A2F6Dw3YUQTqhrMNtFuDKVq4UeceZ3BY2b39rl?__cft__[0]=AZVCnx1EKRH6ZUCDPURsY0_G1-alatLln7957gi9BQV1SLbY2wHgqTNqh1h9jhp-UvfK1Kgo3W6HybD81ffh7N5nnNsvFUnPcGV99GrVIXUhB0Fy4iu18lrITLhtIgI3lpe1LQ26d6XvmjY90fimbKIdG7NkZGWQfcN7AT-6Ey5PzSFnZQsIXK5NE1z5jJokTniJK7saktP2uyMAeWlvKT-CztX2SSYRPGY_6wW_UxiT4TMuYrUqUQoRCkRgH5PbPeA&__tn__=%2CO%2CP-R