Жалын, жарық шашқан-Жұбан ақын

03.09.2025 Выкл. Автор editor
Жалын, жарық шашқан-Жұбан ақын

3 қыркүйек күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Заңғар интеллектуалдық мектебінің 6-сынып оқушылары және жетекшісі  Әкімбаева Айзадамен бірлесе отырып «Әлем-ВООК» жобасы аясында ақын Молдағалиев Жұбанның туғанына 105 жыл толуына орай «Жалын, жарық шашқан-Жұбан ақын» атты  поэтикалық кеш өткізілді. Мақсаты: Жұбан Молдағалиев өмірі, шығармашылығымен танысу. Ақиық ақынның қалам өнеріндегі асқан дарынын, шеберлігін таныту, ақынның шығармашылығына сүйіспеншіліктерін арттыру, оқырмандардың поэзия туралы түсініктерін дамыту. Шараны кітапханашы Жұлдыз Ерғарақызы жүргізіп, ақынның өмір жолымен таныстырып, өмірбаяны мен шығармашылығына арналған бейнеролик тамашаланды. Кеш барысында Жұбан Молдағалиевтің сөзіне жазылған «Абзал ана» атты  әнін  №3 мектеп интернатының 7-сынып оқушысы Анарбекқызы Айкөркем орындады. Балалар Жұбан Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — “Мен – қазақпын” поэмасынан үзінді және де басқа да өлеңдерін жатқа айтып шықты. Шара соңында кітапханашы «Жұбанның сырлы жырлары» атты кітап көрмесімен таныстыра отырып, ақын өзінің «Қазақ» екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен жырлауы – оның ерлігінің бір көрінісі екендігін атап өтті. Кеш соңында ауданымыздың белгілі кәсіпкері Бабаев Базарбай жаңа оқу жылына оқушыларға сәттілік тілей отыра, сый-сияпат жасады.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2602309016808984&set=pcb.2602312623475290&locale=ru_RU