Тіл мерейі-ел мерейі
04.09.2025
04 қыркүйек Келінтөбе ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 5-қыркүйек Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне байланысты «Әлем-ВООК» жобасы аясында «Тіл мерейі-ел мерейі» атты библиошар өткізілді.
Мақсаты: Ана тіліміздің мәртебесін үстем етіп, еліміздің мерейін көтеру.Әлем таныған ел болу үшін ана тілімізде сөйлеп,ана тіліміздің қадірін арттыруға насихаттау.
Оқушылар ақын-жазушылардың тіл туралы нақыл сөздер мен С.Торайғыровтың «Қазақ тілі»,Қ.Мырзалиевтың «Ана тілің-арың бұл» т.б.өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып,тіл жайында мақал-мітелдер айтылды. «Тіл мерейі-ел мерейі» атты кітап көрмесі жасалынып, кітапханашы Р.Уалишерова шолу жасады.

