Мемлекеттік тіл – менің тілім
05.09.2025
2025 жылдың 4 қыркүйек күні Кейден ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 5 қыркүйек – ҚР халқының тілдер күніне орай ” Мемлекеттік тіл – менің тілім” атты әдеби кеш өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесін ұғындыру.Тілге деген құрметті арттыру.Отанға елге, тілге деген сүйіспеншілікті ояту. Ана тілімізді терең меңгеру, құрметтеуге баулу, халқымыздың әдеп – ғұрыпын, салт – санасын,үйрету. Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Тілдің Мемлекеттік мәртебесін қалыптастыруға, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге, тілін, елін сүйе білуге үйрететін бұл іс- шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Дәуіт Райхан «Ана тілі», Ирзахан Нұршат «Үш бақытым», Асылжанқызы Айлин «Буынсыз тілің», Жоламан Нұрғайша «Ана тілің – арың бұл», Әбілғазы Райана «Тілім менің», Тұрғанәлі Айбар «Ана тілім ғажап деп айта аламын», Әбузайыр Алтынай «Үйрен ана тіліңді» т.б оқушылар ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кеш соңында кітапханашы Ш.Әлжан «Тіл – елімнің тірегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып тіл білімі жайлы әдебиеттерге шолу жасалды.
https://www.facebook.com/photo?fbid=2255055395011938&set=pcb.2255061545011323

