Ең керемет күн

08.09.2025 Выкл. Автор editor
Ең керемет күн

08 қыркүйек күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен  «Ең керемет күн» жобасы аясында  Кітапханадағы туған күн айдары  бойынша кітапханамыздың кішкентай  балдырғаны Қадырбекқызы Ақнәзіктің мерекелік туған күн кеші өтті. Мақсаты: Адам өміріндегі ең қымбат күнін атап өту, жақындары мен достарының ыстық ықыласын, ізгі тілегін қабылдау. Жаңа жасқа қуатпен қадам басу.

«Бекжан»  балабақшашысының балапандары  мен жетекші ұстазы Жинақбаева Айзат қатысты. Кітапханашы Айнұр Саттарқызы туған күн иесіне ізгі тілегін жеткізіп, кітапханамыздың артынан сый-сияпатын ұсынды. Арнайы тәттіден ауыз тиіп, балапандар тілек айтып, естелік суретке түсірілді. Кеш соңында балаларға кітапханашы Мира Базарбайқызы ертегі оқып, алдағы уақытта кітапханамызға келіп, кітап оқуға шақырды.

https://www.facebook.com/photo?fbid=2606494786390407&set=pcb.2606512523055300&locale=ru_RU