Тілім менің  тұтастығым, теңдігім

05.09.2025 Выкл. Автор editor
Тілім менің  тұтастығым, теңдігім

2025 жылдың 5 қыркүйек күні Руханият орталығында орналасқан А.Сопыбеков атындағы аудандық кітапханада 5 қыркүйек Қазақстан халқының тілдері күніне орай, «Тілім менің  тұтастығым, теңдігім» тақырыбында №3 мектеп-интернатының 8 сынып оқушыларының қатысуымен әдеби сайыс болып өтті.

Шара аясында «Тілім – тірлігімнің айғағы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, тілге арналған әдебиеттер қойылды.

5 қыркүйек күні Алаш арысы, ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты екенін айта келе, сайыстың тапсырмалары мен сұрақтары жайлы бөлім басшысы Ж.Аюпова түсіндіріп өтті.

Сайысқа «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Мақпал Патенова, Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы. Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік тіл оқытушысы А.Төлепбергенова,  Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тіл маманы Ақниет Алмас қазылық етті.

Тілге байланысты өткен сайыс қызықты да, тартысты өтіп, тең де тең нәтижесінде тәмамдалды.

Мақсаты: Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

https://www.facebook.com/share/v/14J3MN8bf1L/