Тіл тұғыры – ұлт ғұмыры
05.09.2025
2025жылдың 5 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Қазақстан халқы тілдері күніне орай Бірлік ауылдық кітапханасы клуб үйімен және С.Қожанов атындағы N55 мектептің 9 сынып жетекшісі Г.Абсаттаровамен бірлесіп «Тіл тұғыры – ұлт ғұмыры» атты зияткерлік ойын өткізді.Аталмыш тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып, көпгіліктің назарына ұсынылды. Мақсаты: Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, тіліміздің құдіретін жас ұрпаққа дәріптеу, оқушылардың білімін, ой-өрісін кеңейту, сөз қадірін түсінуге, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа баулу. Зияткерлік сайысқа «Болашақ» дарындылар тобы мен «Асыл тас» білгірлер тобы қатысып, өзара білім сайысына түсті. Сайыс кезеңдері:
- Таныстыру – әр топ өлең жолдарымен, ұранмен, шығармашылық таныстыру арқылы өздерінің өнерін паш етті.
- Білімді мыңды жығар – қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша қойылған зымыран сұрақтарға жауап беріп, білімдерін ортаға салды.
- Құпия сөздің кілтін аш – жұмбақтардың шешуін табуда жылдамдық пен алғырлықтарын көрсетті.
- Бабалардан қалған сөз, дей көрмеңіз арзан сөз – шешендік сөздердің авторларын анықтап, ұлттық мұраға деген құрметтерін танытты.
Әр кезең ерекше тартымды әрі әсерлі өтті. Қатысушылар тілге деген сүйіспеншілігін, білімдарлығын, тапқырлығын, ой ұшқырлығын айқын көрсетті. Шара соңында ұйымдастырушылар үздік шыққан оқушыларды марапаттап, барлық қатысушыларға алғыс білдірді.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=2569493420078266&set=pcb.2569493956744879&locale=ru_RU

