Бақытты отбасы-бақытты елдің кепілі
09.09.2025
Отбасы – адам өмірінің алтын діңгегі, береке-бірліктің бастауы. «Бақытты отбасы-бақытты елдің кепілі» демекші бүгін Руханият орталығының мәжіліс залында А. Сопыбеков атындағы аудандық кітапханамен М.Көкенов атындағы мәдениет үйінің бірлесе ұйымдастыруымен, өнерлі отбасылардың қатысуымен «Отбасы-мереке ордасы» атты кездесу кеші болып өтті. «Отбасы-өмір аясы» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып қойылды.
Шарамызға Бидашовтар отбасы, Ділмановтар отбасы, Омаровтар отбасы, Асылбековтер және Жексенбаевтар жанұялары қатысып өздерінің танысу кездерінен қазіргі таңға дейінгі жеткен жетістіктерімен бөлісіп, қонақ кәде ретінде мерекелік ән шашуларын жолдады. Аудан әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы өнерлі отбасыларды мерекемен құттықтап, алғысын білдірді.
https://www.facebook.com/share/v/1WsPUU72Vf/

