Ұлы даланың құндылықтары

12.09.2025 Выкл. Автор editor
Ұлы даланың құндылықтары

2025 жылдың 12 қыркүйек күні «Арман» мәдениет үйінде №1 Кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен «Ұлы даланың құндылықтары»  атты танымдық конференция өтті. Бұл шара – қазақ ғылымының аса көрнекті өкілі, түркология мен тіл білімі саласына өлшеусіз үлес қосқан, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбжан Құрышжановтың туғанына 95 жыл толуына арналды.

Шараның мақсаты — ғалымның рухани мұрасын ұлықтау, оның ғылымдағы, әдебиет пен білім саласындағы орны мен еңбегін кейінгі ұрпаққа үлгі ету.

Шараны кітапханашы Әсем Сағатқызы жүргізді. Шараға  Әбжан Құрышжановтың қарындастары Баян мен Заидаш Құрышжановалар, інісі Нияз Құрышжанов, және  «Арман» мәдениет үйінің директоры Күлән Әбілтанова, аудан тілшісі Мақпал Патенова, кітапхана өкілдері Заура Аманова болды.

Конференцияның алғы сөзі «Арман» мәдениет үйінің директоры Күлән Биғазықызына берілді. Сонаң соң №125 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асанова Жанат сөз алып, ғалымның өмірбаянымен, ғылыми еңбектеріне тоқталды. Ғалымға арналған арнау өлеңді №125 мектеп оқушысы Тасмағанбет Ринат жүрекпен жеткізсе, туған қарындасы Заидаш Құрышжанова Әбжан ағасының өмірдегі болмысын, кішіпейілділігі мен еңбекқорлығын, ағалық мейірімін тебірене еске алды.

Сондай-ақ әдебиеттанушы Тынымбай Нұрмағанбетовтың ғалым туралы жылы лебіздері мен пікірлері  бейнематериалда көрсетілді №125 мектеп оқушылары «Ұлт рухын көтерген ұстаз» атты әдеби монтажын сахналап, аудармаларына да тоқталды. Қарындасы Шынар Құрышжанова «Жетімнің зары» дастанынан үзінді оқыды.

Конференция аясында арнайы ұйымдастырылған «Ғалым. Ғұмыр. Мұра» атты кітап көрмесі де қатысушылар назарына ұсынылды. Шара барысында сөз алған қонақтар мен ғалымның туыстары өз естеліктерімен бөлісті. Конференцияны А. Сопыбеков атындағы  аудандық кітапхананың  өкілі Зауре Аманова қортындылады.  Шара соңы естелік суретке түсуге ұласты.

https://www.facebook.com/birinsi.kenttik.kitaphanasy.2025/posts/pfbid0hzUrsj4YcQ7NDCGUyD3JVCFWy71CgiSAHk3nt92bmz5A51Dgw7JhvZTbz8wWZQYLl?__cft__[0]=AZXtkNNV-ypzDu6dVVhNuPBYIKfGG0rLP2HMB_VnqJSC9pJC63Roe0rsj0svpQOA_nNsbT8uSHeBqI3tgv-pmj3eh4HQcDpsvUQ0pH5uZ50wMM1eu2dy4wcPMy54Aw1d4-EnHQ8G4I1DKpj2deTd17kxouxJpuFSQAUYxnf5KS8x96GHQPbGEsglE9stYnemnX1Y2S-_Hq2-oYdLyMaTN60RCw_p3Mc2aSNp_viDR5gxswT_xTdLUILWpGs4ZGl_HyM&__tn__=%2CO%2CP-R