Мықты отбасы – мықты мемлекеттің кепілі

12.09.2025 Выкл. Автор editor
Мықты отбасы – мықты мемлекеттің кепілі

Бесарық бекеті кітапханасының ұйымдастыруымен, клуб кәсіпорны және Талап ауылдық округі әкімінің қолдауымен қыркүйек айының 12-сі күні «Мықты отбасы – мықты мемлекеттің кепілі»тақырыбында танымдық шара болып өтті.

Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, Отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру, жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Шараға ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері және мектеп оқушылары қатысты.  Шарада отбасылық құндылықтарды ілгерілету, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру мақсатында ауылымыздың үлгілі отбасы Қошанов Рахымжанның отбасы кеш қонағы болды. Бұл отбасымен отбасы құндылығын насихаттау мақсатында әңгімелесу өткізілді. Шараға қатысушылар арасында отбасы туралы мақал- мәтелдер сайысы болды.Кітапханашы Г.Қасымбекова «Мықты отбасы – мықты мемлекеттің кепілі» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып, шолу жасады. Шара барысында әндер шырқалып кеш жоғары дәрежеде аталып өтті.

https://www.facebook.com/share/1Ch9wZxt5E