Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл толуы

24.09.2025 Выкл. Автор editor
Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл толуы

2025 жылдың 24 қыркүйек күні Руханият орталығында орналасқан А.Сопыбеков атындағы Жаңақорған аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен

«Әлем-BOOK» жобасы аясында, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, сатирик ақын, қоғам қайраткері Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл толуына орай №110 мектеп-лицей оқушыларының қатысуымен әдеби-жыр кеші болып өтті.

Іс-шара барысында қазақ руханиятының өрісін кеңейіткен, кейінгі ұрпаққа жол сілтеген көрнекті қаламгер, артында ұшан-теңіз рухани байлық қалдырған ақын жайлы М.Көкенов атындағы мәдениет үйінің М.Көкенов мектебінің жетекші маманы У.Ибрагимов сөз сөйлеп, шарашы ашып берді. Өмірі мен шығармашылық жолы жөнінде кітапханашы М.Кадирбергенова кеңінен тоқталып, толығырақ мәлімет берді және оқушылар қаламгердің «Қош, аман бол», «Қаздар қайтып келеді», «Жапырақ жерге түседі күз келгендей», «Поэзия, сұлулық бар еңсеңде», «Ақынның жыры, жүректің сыры» атты т.б. өлеңдерін, мысалдар, арнаулар оқып, әннен шашу шашып, қобыз аспабында күй орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Осы орайда, ақынның шығармашылығына арналған «Сырбаз сыншыл, мәдениет майталманы» тақырыбында кітап көрмесі әзірленіп, көпшілік оқырманға ұсынылды.

Ақынның қаламынан туған әрбір туынды – әдебиет тарихының бір парағы, халық рухының айнасы, дей келе сынып жетекшісі А.Мырзахметова мен мемлекеттік тіл оқытушысы А.Төлепбергенова шараны қорытындылап, оқушыларға алғысын білдірді.

Мақсаты: Көпшілік оқырманды ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, поэзияға деген қызығушылықтарын, қазақ халқына, отанға сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Шараға 35 адам қатысты.

https://www.facebook.com/share/p/16m1UwQppP/

https://www.facebook.com/share/v/1YsS1mmHE3/