KitapTime – 2025

24.09.2025 Выкл. Автор editor
KitapTime – 2025

Руханият орталығында орналасқан А.Сопыбеков атындағы Жаңақорған аудандық кітапханада, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен 24 қыркүйек күні жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын  – «KitapTime – 2025» жалпы республикалық кітап фестивалі  өтті.

Фестиваль барысында  студенттер, кітапханашылар, түрлі мекеме қызметкерлері, оқырмандар және аудан тұрғындары қатысып, «100 кітап – 100 тағдыр» тақырыбында жасақталған көрмемен және «100 кітап» тізіміне енген жерлес жазушымыз  Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР  Еңбек сіңірген қайраткері, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, Абай атындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс» атты шығармасымен танысты. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ж.Аюпова шараны жүргізіп, «100 кітап» жобасы – тек бүгінгінің емес, ертеңгі рухани дамудың да алтын көпірі дей келе, жобаның мақсаты жайлы түсіндіріп өтті.

Мақсаты: кітап оқуды кеңінен насихаттау, рухани, интеллектуалдық даму жолында жастарды ынталандыру және мәдени құндылықтарымызды халыққа жеткізу. Шараға 65 адам қатысты.

https://www.facebook.com/share/v/17TeqnUEhJ/?mibextid=wwXIfr