Міржақып оқулары

17.10.2025 Выкл. Автор editor
Міржақып оқулары

17 қазан күні  Руханият орталығында Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен  «Әлем-Воок» жобасы аясында   жазушы, ақын, драматург Дулатұлы Міржақыптың  туғанына 140 жыл толуына орай   «Оян қазақ»  атты аймақтық «Міржақып оқулары» байқауы өткізілді. Мақсаты: Міржақып Дулатовтың өнегелі өмірін, ұлт азаттығы жолындағы күресін және рухани мұрасын насихаттау, жас ұрпақтың отаншылдық сезімін, ұлттық сана-сезімін ояту. Байқау арқылы оқушыларды ұлт тарихын құрметтеуге, әдеби мұраны бағалауға, шығармашылық ізденіске баулу, тіл мәдениетін дамыту, ой еркіндігін қалыптастыру көзделеді.

Шараға  ауданымыздағы Жаңақорған кентіндегі барлық мемлекеттік мектеп пен жеке мектептерден 15 оқушы қатысып,  І кезең: «Жырларым –жанымның айғағы» кезеңі, ІІ кезең: «Оян қазақ!»  ізімен»  айдарында   екінші айналымға өткен қатысушы  «Міржақыптың арманы – азат ел, бақытты ұрпақ» тақырыбында эссе жазып, бақ сынады.

І кезеңде қатысушы Міржақыптың  бір өлеңін жатқа айтып бастап, кез келген жерінен тоқтатып, басқа талапкерден әрі қарай жалғастырып кетуін өтінеді. Осылайша кездейсоқ ретпен жалғасып, екі рет қателескен, немесе кідіріп қалған талапкер сайыстан шығарылады. І- кезеңнен іріктеліп шыққан

талапкерлер  «Міржақыптың арманы – азат ел, бақытты ұрпақ» тақырыбында эссе жазды.

Байқауға қазылық еткен әділқазылар мүшелері А.Сопыбеков атындағы кітапхананың электронды бөлім меңгерушісі Зауре Аманова, Қызылорда облысының тілдерді дамыту орталығының, Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік тіл оқытушысы Айгүл Төлепбергенова, Жаңақорған тынысы газетінің тілшісі Жамила Ермахан байқауға қатысқан әрбір баланы мұқият тыңдап, бағасын беріп, 4 оқушыны келесі кезеңдерге өткізді. Нәтижесінде көркем мәтінде оқу шеберлігі, сахнада өнер көрсету мәдениетін озық үлгіде көрсеткен №286 мектептен 8 сынып оқушысы Жамбыл Айару І орын, №125 С.Сапарбеков ат. мектептен қатысқан 7 сынып оқушысыТұрғанбек Айару  ІІ орын, №163 орта мектептің 7-сынып оқушысы Шарап Ақбілек пен Заңғар интеллектуалдық мектебінің 8-сынып оқушысы Ералы Айғаным ІІІ орынға ие болды.  Барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттары  тапсырылды. Шараға 40 оқырман  қатысты.

https://www.facebook.com/photo?fbid=2644947982545087&set=pcb.2644964412543444&locale=ru_RU