Қарты бар ел-қазыналы

01.10.2025 Выкл. Автор editor
Қарты бар ел-қазыналы

Байкенже ауылдық кітапхана мен клуб үйінің ұйымдастыруымен 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Қарты бар ел-қазыналы» атты тақырыптық кеш өткізілді. Тақырыптық кештің негізгі мақсаты – қоғамдағы аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесін жас ұрпаққа үлгі ету, қарияларға деген мейірім мен қамқорлықты насихаттау. Кеш  барысында қарияларға арналған құттықтау сөздер мен тілектер айтылып, өнерпаздардың концерттік бағдарламасы, ән мен би қойылымдары ұсынылды. Қарттарға құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табысталды.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2589801591392567&set=pcb.2589801848059208&locale=ru_RU