Нар тұлғалы Нартай

21.10.2025 Выкл. Автор editor
Нар тұлғалы Нартай

2025 жылдың 21 қазан күні Руханият орталығында орналасқан А.Сопыбеков атындағы Жаңақорған аудандық кітапханада «Әлем-BOOK» жобасы аясында,  артында мол мұра қалдырған «сегіз қырлы, бір сырлы», ақиық ақын, талантты композитор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, күміс көмей әнші, замана бұлбұлы Нартай Бекежановтың туғанына  135 жыл толуына орай «Өнер саңлағы» тақырыбында портрет кеші болып өтті.

«Нар тұлғалы Нартай» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, оқырман қауымға таныстырылды.

Шара барысында ақын Нартайдың халқына сіңірген қалтқысыз еңбегі, оның ақындық, композиторлық-әншілігі жайлы ақпарат беріліп, кең иірімдерге толы, сазға шомылған әндері  орындалып, көрермен қауымға көтеріңкі көңіл сыйлады.

Нартайдың импровизаторлық ақындық әрі әнші-термешілік қасиеттерін меңгерген дәстүрлі әншілер Б.Ыбырайхан мен А.Бижан қатысып, «Жыр бастау», «Кел, көңілім, кеңес баста, аш пікірді», «Базарым тарқап барады» термелерін орындап, оқушылар нақыл сөздерін оқыды. Шараға 25 адам қатысты.

Мақсаты: Н.Бекежановтың өмірі мен өнерін, халыққа сіңірген еңбегі  жайлы мағлұмат беру. Өнегесін өскелең ұрпаққа үлгі ету.

 

https://www.facebook.com/share/r/18rieisPzK/

https://www.facebook.com/share/v/1CeqLsSQR4/