Сауранның саз әлемі
22.10.2025Манап ауылдық кітапхана мен клуб үйімен бірлесе, әнші – композитор Сауран Елеуовтің 70 жас мерейтойына арналған «Сауранның саз әлемі» атты оқушылар арасындағы аудандық әншілер байқауының өтті. «Сауранның саз әлемі» атты аудандық әншілер байқауына әділ қазылық еткен Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Түркияның Афион қаласының құрметті азаматы, «Мәдениет майталманы» медалінің иегері, әнші-композитор Сауранбек Елеуов, «Халық қалаулысы» орден иегері Рашит Нәлтаев болды. Байқауға Алмалық ауылынан Нұрлыбай Дияна мен Нұрайым Әбілхан, Санжар Досан Көктөбе ауылы, Алтынай Амандос Қосүйеңкі ауылы, Балауса Сабыржанқызы Қандөз ауылы, Манап ауылынан Кәусар Үрмәт пен Аружан Әжімұрат, Сұлтан Келдібек Қожакент ауылынан қатысты. Қандөз ауылынан Балауса Сабыржанқызы бас жүлдені иемденді. Бірінші орынды Сұлтан Келдібек Қожакент ауылынан. Екінші орынды Санжар Досан Көктөбе ауылы. Үшінші орынды Манап ауылынан Кәусар Үрмәт пен Алмалық ауылынан Нұрлыбай Дияна иемденді. Алмалық ауылынан Нұрайым Әбілхан, Алтынай Амандос Қосүйеңкі ауылынан Манап ауылынан Аружан Әжімұрат алғыс хатпен марапатталды. Байқау жоғары деңгейінде өтті.
https://www.facebook.com/share/p/1DBAjCu7kS/

