Индира Сұлтанбековамен оқырмандар бенефисі өтті.

16.10.2025 Выкл. Автор editor
Индира Сұлтанбековамен оқырмандар бенефисі өтті.

16 қазан күні Қыраш ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Руханият орталығының мәжіліс залында №180 орта мектебінің мұғалімі, кәсіпкер, кітапхананың үздік оқырманы Индира Сұлтанбековамен оқырмандар бенефисі өтті.

Мақсаты: үздік оқырманды көпке таныту, еңбегін, мақсаты мен жоспарын таныстыру, еңбек жолын көпке үлгі ету.

Шараны Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Адырбек Сопыбеков атындағы аудандық кітапханасының  директоры Әсемкүл Тилеубергенова жүргізді. Кейіпкердің өмірбаяны, еңбек жолы, алдағы мақсаттары жайлы сұхбат алынып, ұжымдастары өз ой-пікірлерін айтты. Балалары ән айтып, күй тартты.

Шараға аудандық және ауылдық кітапханашылар, №180 орта мектебінің мұғалімдері, Қыраш ауылдық клуб қызметкерлері қатысты. Шара өз деңгейінде өтті, фейсбук желісіне жүктелді. https://www.facebook.com/share/v/1FiRtBQUfV/