Қазақстан бейбітшілік мекені
25.10.2025
Жаңақорған аудандық балалар кітапханасында 25 қазан – Республика күніне орай «Қазақстан бейбітшілік мекені» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының егемендік алған тарихи сәтінің маңызын ұғындыру, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді, ұлттық сана мен елжандылықты қалыптастыру.Сонымен қатар, тәуелсіз елдің қалыптасу жолындағы тарихи оқиғаларды дәріптеу, ел бірлігін, бейбітшілік пен тұрақтылықтың құндылығын ұғындыру, қоғамдағы рухани жаңғыру мен ұлт бірлігін нығайту болып табылады.
Кеш шымылдығы Мемлекеттік Әнұранмен түріліп, еліміздің қалыптасу тарихы мен егемендік жылдарындағы жетістіктерге арналған бейнеролик көрсетілді. Мерекелік концерттік бағдарлама барысында оқушылар мен өнерпаздар патриоттық әндер шырқап, өлең оқып, театрландырылған көрініс ұсынды. Көрермендер назарына ел рәміздері мен мемлекеттік тәуелсіздікке арналған «Отаным – бақыт ордасы» атты кітап көрме де ұсынылды. Мерекелік кеш жылы лебіздер мен патриоттық рухқа толы әнмен қорытындыланды. Оқушылар бұл күннің әрбір қазақстандық үшін айрықша маңызға ие екенін, тәуелсіз ел болудың қадірі мен жауапкершілігін терең сезіне түсінгендерін айтты.
Республика күні – еліміздің өткені мен бүгініне тағзым етіп, болашағына сеніммен қарауға үндейтін мереке. Бұл күн – Қазақстанның бірлігі мен бейбітшілігінің символы, ұлт рухын асқақтататын тарихи белес.
Шараға 27 оқырман қатысты.
https://www.facebook.com/photo?fbid=2650508591989026&set=pcb.2650513138655238&locale=ru_RU

