Қыран елім-Қазақстаным

17.10.2025 Выкл. Автор editor
Қыран елім-Қазақстаным

25 жылдың қазан айының 17 жұлдызы күні Шалқия ауылдық кітапханасы мен Шалқия кенттік мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 25 қазан-Республика күніне орай «Қыран елім-Қазақстаным» атты көркем сөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы болып өтті.

Байқауға Қызылорда облысының аудандарынан 7 үміткер қатысты. Байқаудың әділ бағасын беретін қазылар алқасы білікті мамандардан құралды. Қазылар алқасының мүшелері Қ.Р мәдениет саласының үздігі,  Халық ақыны М.Көкенов атындағы шығармашылық ұжымының жетекші маманы: ИбрагимовУәлиханӘбдіханұлы, ҚР журналистер Одағының мүшесі Пәтенова Мақпал Марқабайқызы, Қазақ тілі әдебиет пәні мұғалімі Байдүйсенова Гүлнар Байдүйсенқызы. Байқау нәтижесінде: Бас жүлде – Балауса Ғаниқызы Жаңақорған ауданы Бірлік ауылы, І орын Арман Қасым Қазалы ауданы, Лақалы ауылы, ІІ орын Абунасыр Шәдібек Жаңақорған ауданы Шалқия кенті, ІІ орын Айғаным Асқарқызы Сырдария ауданы, Ақжарма ауылы, ІІІ орын Бекболат Тұрар Шиелі ауданы, Байсын ауылы, ІІІ орын Нұртөре Қосым Жалағаш ауданы, Аққұм ауылы, ІІІ орынАлпамыс Амангелді Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылы

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1549800049703520&set=pcb.1549800359703489