Қазақстан-қасиетті Отаным
23.10.2025
23 қазан 2025 ж. Келінтөбе ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 25 қазан Республика күніне байланысты «Қазақстан-қасиетті Отаным» атты тақырыптық кеш өткізілді.
Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды отан сүйгіштікке, адамгершілікке, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, тарихын білуге насихаттау.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін орындаумен ашылып, қатысушылырдың еліміздің тәуелсіздік жолындағы тарихи оқиғалар туралы шолу жасалынып, Тәуелсіз Қазақстан, Отан туралы өлеңдерін І.Құтымбай, Ж.Ештай, Ш.Бақыт т.б оқыды. Клуб үйінің қызметкері Е.Бақытжанұлы өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен бірге «Қазақстан-қасиетті Отаным» атты кітап көрмесі жасалынып, кітапханашы библиографиялық шолу жасады.
https://www.facebook.com/share/p/1BR191rjdb/

