Қазақ музыкасының жарық жұлдызы
04.11.2025
6 қараша күні №1 кенттік кітапханасы №163 орта мектептің 6 «Д» сынып оқушыларының қатысуымен қазақтың көрнекті сазгері, композитор әрі ақын Әбілахат Еспаевтың 100 жылдығына арналған «Қазақ музыкасының жарық жұлдызы» атты әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырды. Кештің мақсаты – сазгердің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқушыларды ұлттық өнерге баулу және рухани тәрбие беру болды.
Кешті жүргізушілер ашып беріп, қонақтармен таныстырды. Алғы сөзді тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Назарымбетова сөйлеп, шараның маңыздылығын атап өтті.
Шара барысында сазгердің «Ортеке» әнін Батырша Айғаным орындады, «Әлі есімде», «Достар, достар, жүрсің қайда?», «Ұстазым менің ұстазым» сияқты әндер шырқалып, көрініс көрсетілді. Оқушылар ақынның өлеңдерінен әдеби монтаж орындап, «Қамажай» биін биледі. Кештің мазмұнын толықтыра түсу үшін Әбілахат Еспаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетілді.
Іс-шара соңында оқу ісі жөніндегі орынбасар З. Шоманова қорытынды сөз сөйлеп, қатысушыларға алғыс білдірді. Сондай-ақ №1 кенттік кітапханашы Ә. Сағатқызы «Қазақ музыкасының жарық жұлдызы» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Шараға 30 адам қатысты. https://www.facebook.com/birinsi.kenttik.kitaphanasy.2025/posts/pfbid0zSnm9trFMfaGbvSaGGSzCU5dQoG5SNSiu6D7nK1fYEoRQPKu9ejqWsFBhzxeA1yDl?__cft__[0]=AZW3HQuncgV1GfQNrrUq3b3ZPZZHVx_ZM1EpIxjPj7EYorZDmslCBlb6qyyzHEhmbflsFCAsDMz0EMCzimBiz6JZrrMOLIJBp9dcGaRq77QJGWvEOMvO2QPvcl8HU6Oxy4Vatje01DOnPtLCiB7WtlaulpgzaJ2Pl1wNU4MXiFR0Q773Udfpz3TTAUToyRRTPcLb0Y0wYhWGQrxsM490V104UcxrNXra3VFn23flg&__tn__=%2CP-R

