Бозаңға біткен боз жусан

11.11.2025 Выкл. Автор editor
Бозаңға біткен боз жусан

2025 жылдың 11 қараша күні Руханият орталығындағы А.Сопыбеков атындағы аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен, «100 кітап» жобасы аясында, ақын, ұлттық поэзияға тың серпін әкелген шығармашылық иесі Е.Раушановтың «Бозаңға біткен боз жусан» өлеңдер мен поэмалар жинағы бойынша әдеби-жыр кеші болып өтті.

Шара барысында қазақ руханиятының өрісін кеңейіткен, кейінгі ұрпаққа жол сілтеген көрнекті қаламгер, артында ұшан-теңіз рухани байлық қалдырған ақын жайлы мәлімет беріліп, №286 мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.Наурызованың жетекшілігімен келген 8 сынып оқушылары ақынның «Бозаңға біткен боз жусан», «Ерте кетіп барасың, сары күз…», «Көктемде Сырдың жағасы», «Жаһаннан асқан» т.б. өлеңдерін оқып, ақынның сөзіне жазылған «Туған жер» әнін орындап, күй шертіліп көпшілік қауымның қошеметіне бөленді. Әдеби-жыр кешіне №56 мектептің оқушылары көрермен ретінде қатысты. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ж.Аюпова шараны ашып, «100 кітап» жобасы – тек бүгінгінің емес, ертеңгі рухани дамудың да алтын көпірі дей келе, жобаның мақсаты жайлы түсіндіріп өтті.

«Қазақ әдебиетіне жүрегін арнаған қаламгер» тақырыбында кітап көрмесі әзірленіп, көпшілік оқырманға ұсынылды. Шараға 32 адам қатысты.

Мақсаты: Қаламгер туындысын насихаттау, жалпыұлттық сауалнама нәтижесінде іріктелген «100 кітап» тізімімен оқырмандарды таныстыру, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру, ұлттық әдеби мұра мен қазіргі заманғы құндылықтарды дәріптеу.

https://www.facebook.com/share/p/1Jyhi318xf/