Көркемсөз шебері – Міржақып

21.11.2025 Выкл. Автор editor
Көркемсөз шебері – Міржақып

2025 жылы 21 қараша күні Руханият орталығындағы А.Сопыбеков атындағы аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен, қазақ елінің өркендеуіне, өз алдына ел болып, отау тігіп, тәуелсіз өмір сүрсе екен деп қиын-қыстау заманда елім деп өткен қазақ зиялыларының есімдерін, атқарған игі істерін бүгінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында Алаш қозғалысының қайраткері, жазушы, ақын Міржақып Дулатұлының туғанына  140 жыл толуына орай, «Көркемсөз шебері – Міржақып» тақырыбында поэтикалық марафон болып өтті.

Осы орайда, оқушылар бес арыстың бірі, 20 ғасырдың бас кезінде қазақ даласындағы күрделі қоғамдық-әлеуметтік өз шығармаларында айқын танытқан сөз шебері М.Дулатовтың бостандық, азаттық, теңдік тақырыптарында өлеңдерін оқыды.

Мақсаты: ақынның азаматтық жырларын жатқа айту, өмірі мен шығармашылығын түсіндіру барысында туған еліне, халқына, Отанына деген сүйіспеншілікті ояту.

 

https://www.facebook.com/share/r/14LjFWbhvyK/