Алаштың жарық жұлдызы

21.11.2025 Выкл. Автор editor
Алаштың жарық жұлдызы

Қандөз ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Әлем-ВООК» жобасы аясында ақын М.Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай «Алаштың жарық жұлдызы» атты дауыстап оқу өтті.

Мақсаты:  ұлт көсемдерінің бірі, ағартушы-ұстаз, ақын әрі қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, оқырмандарға оның әдебиет пен ұлт руханиятына қосқан өлшеусіз еңбегін таныту.Шараны кітапханашы Қ.Тұрымбетова жүргізе отырып,қатысушыларды ақын Міржақып  Дулатовтыңөмірі мен шығармашылығына арналған қысқаша мәліметпен таныстырды.

«Алаштың жарық жұлдызы »атты дауыстап оқу ұйымдастырылып,қатысушылар ақынның өлеңдері мен прозалық шығармаларынан үзінділер оқыды. Оқырмандар Міржақып Дулатовтың қазақ әдебиеті мен ұлттық қозғалыстағы рөлі туралы пікір алмасты.Шара соңында белсенді оқырмандарға алғыс білдірілді.

https://www.facebook.com/share/p/1AJh2LNbsE/