Адал адам

22.11.2025 Выкл. Автор editor
Адал адам

Манап ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен “Адал адам” мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының “Әлем- Book” жобасы аясында Ұлы ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай “Абай дана,Абай дара қазақта” атты тақырыпта Абай оқулары өткізілді.

     Мақсаты: оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.

Шара барысында кітапханашы оқырмандарға қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың өнегелі өмірімен шығармаларына шолу жасады. Бұл кеште №160 орта  мектебінің 3-сынып оқушылары Абайдың өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты. «Абай-кемеңгер ақын» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараға 15 оқырман қатысты.

https://www.facebook.com/share/p/19eCzUHLNv/