Балалар әдебиетінің бәйтерегі
23.11.2025
Манап ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен “Адал адам” мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының “Әлем- Book” жобасы аясында орай қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы,Сапарғали Бегалиннің 130 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқырмандарға балалар жазушысы С.Бегалин жайында мағлұмат бере отырып, оның өлеңдерімен шығармашылықтарын таныстырып, оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Шараға № 160 орта мектебінің 6- сынып оқушылары мен Балдәурен қызығышылық клубы оқырмандыры қатыстырылды. Кітапханашы А.Мұстафаева С.Бегалиннің өмірі мен шығармашылығына шолу жасады. Ақынның жомарт жүрегі жырдан жаралған, жыр ақынның тірлігі де тынысы да, қуанышы мен қиналысы да. Ақынның ғұмыры жырға, жыры ғұмырына айналған. Әкім Диана «Тасарал», Әсия Әбдіманап «Тау сыры»Нұрдана Махмуд «Өрісті өмір», Шәмші Еңлік «Қарқаралы» Әшірбекова Інжу«Қасым», өлеңдерін оқып шықты. Оқырмандар қойылған сұрақтарға жауап берді. Бүгін біз қазақ халқының қайталанбас ірі тұлғаларының бірі С.Бегалиннің шығармашылығы жайында таныстық.
Артында өлшеусіз мол рухани мұра қалдырған ақын қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталары сөзсіз-деп қорытындылады. https://www.facebook.com/share/p/1JancnXgjH/

