Алаш арысы-Міржақып Дулатов
26.11.2025
Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен қараша айының 26-сы күні«Әлем-BOOK» жобасы аясында ақын,ағартушы,педагог Міржақып Дулатов туғанына 140 жыл толуына орай «Алаш арысы-Міржақып Дулатов» атты тарихи танымдық сағат өткізілді.
Мақсаты: Қазақ халқының ұлт-азаттығы жолында күрескен Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармаларын таныстыру. Отансүйгіштікке, ұлттық рухқа тәрбиелеу. Оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушылар Міржақып Дулатовтың өмір жолы, Алаш қозғалысындағы рөлі, ұлттық тәуелсіздік үшін атқарған еңбегі және қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы мағлұмат берілді. Сонымен қатар, жазушының еңбектерінен үзінділер оқылып, «Оян, қазақ!» кітабының тарихи маңызы мен қоғамға әсері талқыланды. Тарихи-танымдық сағат мәдени маңызға ие тағылымды іс-шара болды. Оқушылар тұлға туралы тың ақпарат алып, ұлттық рух, елдік сана туралы ой түйді.
https://www.facebook.com/share/p/16dXRT6Nuq

