Заманауи кітапхана: жаңа идеялар мен бастамалар
05.12.2025
5 желтоқсан күні Жаңақорған ауданы Руханият орталығында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Заманауи кітапхана: жаңа идеялар мен бастамалар» атты облыстық көшпелі семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында кітапхана саласының дамуына жетелейтін креативті, жаңа иновациялық тәжірибелер алмасылып, пікірлер бөлісті. Төмендегі тақырыптар бойынша баяндама жасалды.
«Облыс кітапханаларындағы жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктер» Баяндамашы: Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директор орынбасары Айгүл Жаңғабылова.
«Уақыт және кеңістік ағымындағы кітапхана» Баяндамашы: Қазалы аудандық кенттік кітапханасының кітапханашысы Өтеп Гүлназ Мирамбекқызы.
«Цифрлы қоғамдағы кітапханалар: жасанды интеллекттің рөлі» Таныстырылым: Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық-сервистік қызмет көрсету секторының меңгерушісі Байымбетова Ақбөпе Ерланқызы.
«Кітапханалар қызметі: дәстүр және жаңашылдық» Баяндамашы: Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы Алишева Жанар Ақылжанқызы.
«Оқырман мәдениетін қалыптастырудағы кітапхананың рөлі» Баяндамашы: Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылдық кітапханасының кітапханашысы Тұрманова Рима Қалдыбекқызы.
Семинар қатысушылары бірқатар мәдени нысандар мен кітапхана бөлімдерінің жұмысымен танысты.
Семинардың екінші бөлімінде
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Абай елі – заң мен әділет кеңістігі» тақырыбында Руханият орталығы қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді орталық директоры Н.Орынбасаров жүргізді.
Жаңақорған аудандық прокуратурасының аға прокуроры Сапарбек Нұрхожа Қуанышұлы – құқықтық тәртіп пен қоғам тұрақтылығы жөнінде баяндады.
Жаңақорған ауданы қоғамдық даму бөлімінің басшысы Әбілғазы Берденұлы Төлегенов – жастардың потенциалын арттырудағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызын атап өтті.
«Жаңақорған тынысы» аудандық газетінің бас редакторы Баян Үсейінова – әділдік құндылықтарын ақпарат кеңістігінде дәріптеу мәселесін көтерді.
Іс-шарада заң мен әділдік ұстанымдарының ұлттық руханияттағы орны жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар «Абай елі: заң мен әділет кеңістігі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітапхана жанынан ашылған «ПОЭЗИЯ ПАТШАЛЫҒЫ» үйірмесі семинар қонақтарына арнайы әдеби бағдарлама ұсынды.
Бұл шарада жергілікті ақын-жазушылар өздерінің шығармаларын оқып, қатысушыларды ерекше әсерге бөленді.
Кітапхана процесстерін автоматтандыру бөлімінде
«Жасанды интеллект көмегімен кітапхана жұмысын жеңілдету» атты пайдалы да мазмұнды мастер-класс өткізді.
Қатысушылар:
ЖИ құралдарын оқырмандарға қызмет көрсетуде қолдану жолдарын,
Құжаттарды тез өңдеу мен контент жасау әдістерін,
Кітапхана ісін цифрландырудағы жаңа мүмкіндіктерді
үйренді.
Мастер-класс практикалық мысалдарға толы болып, қатысушылар жаңа білім мен дағдыларға ие болды. Сонымен қатар Бірлік ауылдық кітапханасының жұмысымен танысты.
Облыстық семинар кітапхана саласындағы заманауи үрдістерді талқылау, жаңа идеялар мен тәжірибелерді бөлісу, сондай-ақ сала мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

