Еліміздің еркіндігі — Тəуелсіздік
11.12.20182018 жылдың 11 желтоқсан күні Бірлік ауылдық кітапханасында «Еліміздің еркіндігі — Тəуелсіздік» тақырыбында ҚР Тəуелсіздігінің 27 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып «Тəуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты библиографиялық шолу жасалды. Тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан кітаптар түрлі пішінде орналастырылып қойылды. Көрме тəуелсіздік пен мемлекетіміздің егемендікке қол жеткізгендегі маңызды кезеңдері жайлы ақпарат берді. Іс- шара барысында Тəуелсіздік тарихы жəне 1986 жылы 16 желтоқсан көтерілісіне түрткі болған себептер мен демократия жолында құрбан болған ұл-қыздардың ерліктері жайлы мағлұматтар берілді.
Кітапханашы К.Сұлтанбаева «Қасиетім — желтоқсан», «XX ғасыр: Соңғы репрессия», «Азаттық аңсағандар», «Тəуелсіздік тағылымы», «Тəуелсіздік желтоқсаннан басталады» атты əдебиеттерге библиографиялық шолу жасады. «Тəуелсіздік — тарих мұраты » атты тақырыпта слайд көрсетілді. Шараға 16 адам қатысты.