«Спид –қасірет қақпаны» денсаулық сағаты

05.12.2019 Выкл. Автор admin
«Спид –қасірет қақпаны» денсаулық сағаты

2019 жылдың  5 желтоқсан күні 1-желтоқсан Спидке қарсы Халықаралық күрес күніне байланысты  «Спид –қасірет қақпаны» атты кітапханада денсаулық сағаты болып өтті.

Мақсаты: СПИД – тің адам баласына әкелетін зияндылығын түсіндіру. Оқушыларды СПИД – ке қарсы күресуге шақыру. Адамгершілікке, мейірімділікке баулу. Өмірінде дұрыс жол таңдай білуге бағыттау. Ғасыр індеті жайында жалпы сипаттама беру. Оқушыларды теріс жолға түспеуге, құмарлыққа, әуестілікке салынбауға тәрбиелеу.

Шараға мектеп оқушылары мен клубүйінің қызметкерлері қатысты.

Шара барысында клуб үйінің мәдени ұйымдастырушы С.Манап «Спид ғасыр індеті» атты баяндама оқып, кітапханашы кітап көрмесімен таныстырып оқушылар да өз ой пікірлерін ортаға салды.