«Тәуелсізбін. Егеменмін. Еркінмін» виртуалды кітап көрме

12.12.2019 Выкл. Автор admin
«Тәуелсізбін. Егеменмін. Еркінмін» виртуалды кітап көрме

2019 жылы 12 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Бірлік ауылдық кітапханасы «Тәуелсізбін. Егеменмін. Еркінмін» атты виртуалды кітап көрмесін ұйымдастырды.

Шара барысында Тəуелсіздік тарихы жəне 1986 жылы 16 желтоқсан оқиғасына түрткі болған себептер мен демократия жолында құрбан болған ұл-қыздардың ерліктері жайлы материалдар ұсынылды. Жастарды патриоттық рухта тəрбиелеу, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, Тəуелсіздіктің бағасын ұғындыру мақсатында ұйымдастырылған аталмыш шарада «Тəуелсіздік толғауы» сериясымен жарық көрген жинақтар да оқырмандар назарына ұсынылды. Мұнда жинақ авторлары басқа қонған бақтың қадірі мен салмағын ұғындырады. «Тәуелсіздіктің тарихи жолы» атты слайд-презентация көрсетілді. Қатысушылар тақырып аясында өз ой-пікірлерімен бөлісіп, Тəуелсіздік туралы өлеңдер оқыды.