«Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан» ерлік сағаты

12.12.2019 Выкл. Автор admin
«Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан» ерлік сағаты

2019 жыл 12 желтоқсан күні тәуелсіздік күніне орай «Арман» кенттік мәдениет үйінде  «Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан» — атты ерлік сағаты  болып өтті.

Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл — әкімшіл солақай саясатына қарсы, алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру. Шараны «Арман» мәдениет үйінің директоры К.Әбілтанова ашып беріп, 2019 жылы облыстық, аудандық түрлі байқауларға қатысып, жүлделі І-ші, ІІ-екінші орындар алған өнерпаз оқушылар  Айтжан Сержан, Әсел Мәулен, Азизбек Тасболат,  «Шашу» би тобын  «Алғыс хаттармен» марапаттады.  Тәуелсіздікке арнап Р.Ертаев А.Накипов, А.Зайдашова, Азизбек  Тасболат, Айтжан Сержан,  Айша Тұрмағанбетқызы, Әсел Мәулендер күй тартып, патриоттық әндер шырқады. «Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесі жасалынып, кітапханашы Н.Шалапова шолу жасап өтті.