«Алтын Орда ұлт тарихының бастауы»

28.02.2020 Выкл. Автор admin
«Алтын Орда ұлт тарихының бастауы»

28  ақпан  күні  Манап ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына орай «Алтын Орда ұлт тарихының бастауы» атты тарихи  танымдық  кеш болып өтті. Шараға кітапхананың тұрақты  оқырмандары және мектеп ұстаздары мен оқушылары қатыстырылды. Шараның мақсаты: Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, саяси және экономикалық даму ерекшеліктерін түсіндіре отырып, Орданың әлсіреу себептерін ашу, ел болашағы жастар қолында екенін сезіндіру арқылы өз тарихын құрметтеуге, ұлттық  намысын оятып, ерлікке  отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Шара барысында №151 мектептің ұстазы Қ.Накипов Алтын  Орданың шығу тарихы жайлы баяндаса, 7-9 сынып оқушылары дайындаған шағын концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Кітапханашы «Алтын Орда ұлт тарихының бастауы» кітап көрмесімен таныстырды.