«Жүрекке жақсылықты кіргізіңіз»

02.03.2020 Выкл. Автор admin
«Жүрекке жақсылықты кіргізіңіз»

2 наурыз күні     №2 кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен №56 орта мектепте  1 наурыз  «Алғыс айту күніне» орай «Жүрекке жақсылықты кіргізіңіз» атты тақырыпта әңгіме сағат болып өтті.

Мақсаты: Балаларды сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту.

Шара барысында кітапханашы оқушыларға, бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі екенін және «Ризашылық», «Алғыс айту» ұғымы жайлы түсіндірді.