«Ана – тіршілік тірегі»

05.03.2020 Выкл. Автор admin
«Ана – тіршілік тірегі»

5 наурыз күні  Төменарық  ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен  8 – наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай  «Ана – тіршілік тірегі» атты әдеби сазды кеш болып өтті.

Кештің мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый – құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

Шара барысында  оқушылар  аналарға арнап «Алтын ана», «Көңіл толқыны» атты өлеңдерін оқып, «Ерке сылқым» күйін орындады. Клуб үйінің  сүйемелдеушісі  Ж.Түменбаева «Мен сыйға тартқан орамал» атты әнін айтып, кітапханашы «Ананы аялайық» атты кітап көрмесімен таныстырды.