«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс қимыл» атты дөңгелек стол

14.01.2021 Выкл. Автор admin
«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс қимыл» атты дөңгелек стол

2021 жылы 14 қаңтар күні Еңбек ауылдық кітапханасында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылдың 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына жолдаған Жолдауына орай «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс қимыл» атты Жолдауын насихаттау мақсатында дөңгелек стол өткізілді.

Шара барысында Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы маңызды 6 бағыты бойынша талданып, түсіндірілді. Экономикалық өсімді қалпына келтіру, халықтың әл-ауқатын арттыру, құқық қорғау жүйесін әрі қарай жаңғырту, саяси реформаларды жалғастыру мәселелеріне тоқталғаны жөнінде айтылды. Шараға  қатысқан №242 мектеп қызметкерлері және «Нұрай» балабақша тәрбиешілері арасында Жолдау таныстырылып, насихатталды.