«Қоғам мен құндылық»

15.01.2021 Выкл. Автор admin
«Қоғам мен құндылық»

2021 жылы 15 қаңтар күні №1 кенттік кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы бойынша «Қоғам мен құндылық» атты бөлімін насихаттау мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.  «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақалада Қасым-Жомарт Тоқаев егемендігіміз бен елдігіміздің тірегі болатын басты бағыттарға тоқталып, іргеміздің берік болуы үшін қажет шараларды да айқындап берді.

«Қоғам мен құндылық» атты бұл бөлімде егемендігіміздің үш тағаны – жер, тіл, бірлік  жөнінде сөз қозғалған.

Осы орайда шараға қатысушылар жоғарыда аталған үш құндылықты дәріптеу аясында атқарылу керек жұмыстарын баяндап, алдағы уақытта біріге белсенділік таныту қажеттігі айтылды.