«30 кітап — Тәуелсіздіктің 30 жылдығына»

15.01.2021 Выкл. Автор admin
«30 кітап — Тәуелсіздіктің 30 жылдығына»

Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 15 қаңтар күні «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «30 кітап — Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» атты презентация өтті. Мақсаты: халық әдебиетін насихаттау, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру, көпшіліктің оқуға деген қызығушылығын арттыру, жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу.

Шара барысында Тəуелсіздіктің 30 жылдығына орай жалпыхалықтық оқуға ұсынылған 30 кітап таныстырылып, оқуға ұсынылды.

Жоба аясында поэзия жанры бойынша Мұқағали Мақа­таевтың «Өмірдастан», Жұме­кен Нәжімеденовтің «Менің Қазақстаным», Ұлықбек Есдәулеттің «Киіз кітап», Серік Ақсұңқарұлының  «Кө­кейімде Күлтегіннің жазуы» жи­нақтарын тұрақты оқырманымыз М.Ошанов таныстырса, проза жанры бойынша Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Періш­телердің өлімі», Тобық Жар­мағам­бе­товтің «Отамалы», Тұрысбек Сәу­ке­тайдың «Желқайық», т.б. шы­ғар­маларын оқырмандарымыз Б.Абибулла мен Б.Сартай таныстырды. Сондай-ақ драматургия саласындағы әдебиеттермен Ә.Жақсылық, балалар әдебиетімен Ж.Әбілхайыр таныстырды. Кітапханашы К.Сұлтанбаева  «Бір ел – бір кітап» акциясының  тарихына тоқталып, аударма жанрындағы әдебиеттермен таныстырды. Шараға қатысушылар қазақ әдебиетінің алтын қорындағы аса құнды шығармалардың  рухани маңыздылығы жайлы мағлұматтар алды.