«Таным мен тағылым»

18.01.2021 Выкл. Автор admin
«Таным мен тағылым»

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 5 қаңтарда «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты төрт бөлімнен тұратын мақала жолдады. Осыған орай №2 Кенттік кітапхана «Таным мен тағылым» атты екінші бөліміне, жалпы мақалаға байланысты мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Мақсаты: Мемлекет басшысының мақаласын насихаттай отырып, алдағы атқарылатын істерге шақыру.

Шара барысында төрт бөлімнен тұратын мақалада Тәуелсіздік алған 30 жылдан бергі атқарылған жұмыстар мен жеткен жетістіктеріміз сараланып, алдағы атқарылатын жұмыстар туралы атап көрсеткендігі туралы кітапханашы Ғ.Машрапова жеке-жеке атап өтті.

Бұл шараға мәдениет қызметкерлері де белсене қатысып өз ойларымен бөлісті.