«Алабұға аулаған күн»

20.01.2021 Выкл. Автор admin
«Алабұға аулаған күн»

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпы халықтық оқуға балалар әдебиетінен алты кітап таңдалған болатын. Сол кітаптардың ішінен  жазушы Толымбек Әбдірайымның «Алабұға аулаған күн» атты әңгімесіне Қожакент ауылдық кітапханасы жас оқырмандардың қатысуымен  дауыстап оқу өтті. Жазушының   бұл жинағында  ертегілер мен мысалдардың айтар тағылымы мол. Жас өркен жан дүниесіне әсер етерлік әңгімелердің оқиғасы қызықты, балаға тән іс-әрекеттерімен оқырманын баурайды. Кітапқа өсіп келе жатқан жас ұрпақтың жан дүниесіне әсер етерлік әңгімелер, ертегілер, мысалдары енген. Дауыстап оқуға И.Әбдікәрімов атындағы №168 жалпы орта мектебінің 2 сыныптың  оқушылары қатысты.  Балалар әңгімеден алған әсерлері жайлы  айтты.

Мақсаты: «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында оқылуға тиіс кітаптың бірі Толымбек Әбдірайымның «Алабұға аулаған күн» әңгімесін балаларға таныстыру.