«Әлем таныған – Тәуелсіз Қазақстан»

20.01.2021 Выкл. Автор admin
«Әлем таныған – Тәуелсіз Қазақстан»

№2 Кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 20 қаңтар күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Әлем таныған – Тәуелсіз Қазақстан» атты тақырыпта онлайн кітап көрмесі болып өтті.

Мақсаты: Қазақ елінің дербес Тәуелсіз ел болу жолында еркіндік пен бақытты өмір сүру үшін жүргізген толассыз, тынымсыз күрестерінің сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін, тәуелсіз еліміздің тарихы, бүгінге дейін жеткен жетістігімен қатар қарқынды дамуы туралы әдебиеттермен таныстыру. Кітап көрмесі 4 бөлімнен «Қазақ мемлекетінің дамуы», «Қазақ халқының дара тұлғасы», «Тәуелсіздік ел бақыты», «Қазақ елі – Мәңгілік ел» атты тақырыптарда қойылды.

Шара барысында кітапханашы Ғ.Машрапова кітап көрмесімен таныстырып өтті. Көрмеге сан ғасырлық тарихтан сыр шертетін тарихи кітаптар, Елбасының қаламынан туындаған «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Тәуелсіздік дәуірі» атты тарихи шығармалар, «Тәуелсіздік толғауы» сериясымен, «Қызмет хроникасы» серияларымен, «Рухани жаңғыру», «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген шығармалар қойылды.