«Жер тарихы-ел тарихы»

21.01.2021 Выкл. Автор admin
«Жер тарихы-ел тарихы»

Төменарық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 21 қаңтар күні Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында «Жер тарихы-ел тарихы» атты танымдық кеші өтті.

Шараның мақсаты жастарға туған өлке, оның байлығы, тарихын түсіндіру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Шараға мектеп оқушылары белсенді қатысып, әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы мемлекеті жайлы өлеңдерін оқыды.  10 сынып оқушысы А.Борбасова ақын Т.Молдағалиевтың «Туған жерге» атты өлеңін, 9-сынып оқушысы  П.Баянова «Туған жер» атты арнауын оқыды. Кешті әрі қарай өнерлі жастарымыз «Туған жер» әнін қазақтың қара домбырасымен орындады. «Отан отбасынан басталады» — деп айтқандай  қатысуышылар назарына клуб үйінің сүйемелдеушісі Ж.Түменбаева «Төменарық киелі мекен» атты әнін орындады. Кітапханашы «Тарих» бекеті атты сұрақ жауаптарды слайд арқылы қойды. Сондай-ақ «Ауылым – алтын бесігім» атты кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жасалынды.