«30 кітап — Тәуелсіздіктің 30 жылдығына»
15.01.2021Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 15 қаңтар күні «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «30 кітап — Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» атты презентация өтті. Мақсаты: халық әдебиетін насихаттау, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру, көпшіліктің оқуға деген қызығушылығын арттыру, жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу.
Шара барысында Тəуелсіздіктің 30 жылдығына орай жалпыхалықтық оқуға ұсынылған 30 кітап таныстырылып, оқуға ұсынылды.
Жоба аясында поэзия жанры бойынша Мұқағали Мақатаевтың «Өмірдастан», Жұмекен Нәжімеденовтің «Менің Қазақстаным», Ұлықбек Есдәулеттің «Киіз кітап», Серік Ақсұңқарұлының «Көкейімде Күлтегіннің жазуы» жинақтарын тұрақты оқырманымыз М.Ошанов таныстырса, проза жанры бойынша Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Періштелердің өлімі», Тобық Жармағамбетовтің «Отамалы», Тұрысбек Сәукетайдың «Желқайық», т.б. шығармаларын оқырмандарымыз Б.Абибулла мен Б.Сартай таныстырды. Сондай-ақ драматургия саласындағы әдебиеттермен Ә.Жақсылық, балалар әдебиетімен Ж.Әбілхайыр таныстырды. Кітапханашы К.Сұлтанбаева «Бір ел – бір кітап» акциясының тарихына тоқталып, аударма жанрындағы әдебиеттермен таныстырды. Шараға қатысушылар қазақ әдебиетінің алтын қорындағы аса құнды шығармалардың рухани маңыздылығы жайлы мағлұматтар алды.