«Келешектің кілті — латын әліпбиі»
03.03.2021Қожакент ауылдық кітапханасында кітапханашы А.Рустемованың ұйымдастыруымен кітапхана оқырмандары арасында «Келешектің кілті — латын әліпбиі» атты тақырыпта ақпараттық сағат өтті. Шара барысында оқырмандарға «Латын әліпбиі қазақ тілінің тынысын кеңейтеді» атты баяндама оқылды. Оқырмандарды өздері қалаған тақырыпта латын әріптерімен эссе жазды. Мақсаты: Латын әліпбиінің барлық халыққа ортақ, мәдениеттерді жалғастырушы, байланыстырушы құндылықтардың бірі екендігін оқырмандарға түсіндіру.