«Қазақтың тиым сөзі – ұлттық тәрбие сөзі»
29.06.202129 маусым күні Жаңақорған аудандық, Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақтың тиым сөзі – ұлттық тәрбие сөзі» атты рухани кеш өтті. Мақсаты: Қазақ халқының салт — дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Ұлттық салт — дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Кешке Павлодар облысы Успен ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Медет Тауасқанов бастаған қонақтар қатысты.
Мерекелік шара барысында «Кім көп біледі айдары?» бойынша оқушылар өздерінің қаншалықты тыйым сөздер білетінін айтып жарысты. Халқымыздың дәстүрлі ырымдарының арасында балаларды тәрбиелеуге байланысты ұлттық нақыштармен безендірілген сахнада көріністер көрсетілді. Сонымен қатар «Білгенге маржан» тыйым сөздердің мағынасын, сондай-ақ «Ата мен бала» өсиеті жайлы көрініспен көрсетілді. Жиылған жұрт қазақи дастарханнан дәм татты. Қазақтың күйлері мен әндері орындалды.