«Қандөзде ізі қалған ұлы есімдер»
05.07.2021
Қандөз ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Туған өлке – тұнған шежіре» жобасы аясында, өңірімізге танымал қайраткерлер, ақын-жазушыларды насихаттау мақсатында «Қандөзде ізі қалған ұлы есімдер» атты кітап көрмесін ұсынды.
Мақсаты: Өлкенің танымал тұлғаларының еңбектерін, ақын-жазушылардың шығармаларын насихатау, жергілікті авторлардың еңбектеріне қызығушылықты арттыру.
Елге танымал тұлғалардың еңбектері ең басты екі тірегі — туған ел мен жерге деген ыстық махаббаты және қоғамдағы, өмірдегі қайшылықтар мен әділетсіздіктерге, адам қолымен жасалған қиянаттарға қарсы күрескерлігі. Туған жердің көркейуі мен келісті келбеті ақын ағаларымыздың көрікті жырларына арқау болды. Оқырмандар поэзия туралы өз ойларымен бөлісті.
Оқырмандарға кітапхана қорынан жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, оның шығармалары мен мерзімді басылым беттеріндегі мақалалары ұсынылды.